Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Балқаш өңіріндегі Мәуліт кешіне қатысты
20 қараша, 2022 жыл 167 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысы бойынша мұсылман жұртшылығының басын қосып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағылымға толы өмірбаянын насихаттау  мақсатында тойланып жатқан Мәуліт мерекесі бұл жолы облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының қатысуымен Балқаш өңірінде аталып өтті.

Мәулітке арналған салтанатты жиын Құран аяттарымен басталып, облыс бас имамы ата дініміз Исламның құндылықтары мен Мәуліт мерекесінің мәні-маңызын атап өтті. Жиналған жұртшылыққа  аталмыш рухани мереке жайында баяндап, өзінің құттықтау лебізін білдірді. 

Отырыс барысында илләһи әндер шырқалып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылды. Ғаламның рақым нұры болған Алла елшісінің (с.ғ.с.) өмірбаянынан үзінділер оқылып, қазақтың қара домбырасымен арнаулар орындалды.
Мәуліт мерекесінің соңында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы тұйық көл жағасын мекендеген Балқаш жұртшылығына арнап дұға жасады. Аймақ имамы Нұрболат Сейілханұлы бастаған жергілікті жамағат та өз ризашылығын айтып, алғысын жеткізді. Осылайша облыс бас имамының Балқаш өңіріне жасаған екі күндік сапары аяқталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары