Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Балқаш қаласының әкімімен кездесті
19 қараша, 2022 жыл 51 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бақылау-басқару жұмыстары бойынша Балқаш қаласына барған іс-сапарында шаһар басшысы Қайрат Амангелдіұлымен жүздесіп сұхбат құрды.

Келелі кездесуге Қарағанды облыстық «Әнет баба» орталық мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей мен іс-басқарушысы Елнар Дұрыскелдіұлы және Балқаш қалалық мешітінің имамы Нұрболат Сейілханұлы қатысты.

Басқосуда рухани-ағартушылық мәселелері сөз етілді. Облыс имамы өңірлер бойынша жүзеге асып жатқан игі шаралардың маңызы туралы баяндай келе дәстүрлі дініміздің өркендеуі жолында бірлесе қызмет етуге шақырды.

Шаһар әкімі де өз тарапынан қолдау білдіретінін айтып, облыс имамына алдағы уақытта қала аумағында салынатын жаңа мешіт үшін берілгелі тұрған жер телімінің жобасын таныстырды.

Кездесу соңында облыс бас имамы қала әкіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары