Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Балқаш жамағаты арасында рухани сайыс өтті
18 қараша, 2022 жыл 56 Басып шығару нұсқасы

  Балқаш қаласының рухани жай-күйімен танысу мақсатында арнайы сапармен барған облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы қалалық мешіт жамағаты арасында ұйымдастырылған «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сағыныш хаты» рухани сайысының куәгері болды.

Бүгінгі қоғамның сан қилы көріністері мен көңіл парақтарына біткен ізгі лебіздерін Алла елшісіне (с.ғ.с.) хат ретінде жазып, қағазға түсірген қатысушылар жүректерді елжіретіп, көздерге еріксіз жас алғызды.

Облыс имамы үммет болып ұйысқан Балқаш жамағатының жасына қарамай жан дүниесінен шыққан балаша пәк пейіл мен екі дүние сардарына деген махаббатына куә болды. Сол себепті қатысушыларға шынайы ықыласы мен ризашылығын жеткізіп, келесі жылы бұдан да көп шәкірттердің қатысып, белсенділік танытуын сұрады.

Қала имамы Нұрболат Сейілханұлы бастаған балқаштық имамдардың ұйымдастыруымен жүзеге асқан рухани сайыста ең әсерлі жазба авторы деп танылып, бас жүлдеге ие болған Қыдыр Сәкенұлы мен басқа да орын иелеріне облыс бас имамы арнайы алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарды (I орын 70 0000 тг, II орын 50 000 тг, III орын 30 000 тг.) табыстады.
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары