Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Балқаш жамағатымен жүздесті
18 қараша, 2022 жыл 174 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Балқаш өңіріне келген сапары барысында қалалық мешіттің жамағатымен кездесті.

Қызметке жаңадан  тағайындалған облыс бас имамы мешіт жамағатымен танысып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізді. Сонымен қатар екі дүние сардары, адамзаттың асыл тəжі болған сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы Мəуліт мерекесімен құттықтап, әз Пайғамбардың өнегеге толы өміріне шолу жасады.

Сондай-ақ, ел бірлігі мен ынтымағы, бейбіт күннің маңызы жайында  насихат айтып, жамағатпен бірге еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды. Қаладағы құлшылық үйінің жамағаты мен ұжымы да өз кезегінде облыс имамының уағыз-насихатынан ерекше әсер алып, өз алғыстары мен ризашылығын білдірді.

Cуреттерді фотогалереядан көре аласыздар!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары