Тілдік нұсқа
Радио

Фото

САРАН ҚАЛАСЫ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ (ФОТО)
17 қараша, 2022 жыл 96 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) туылған айына орай мәуліт кеші болып өтті. 

Берекелі шара Қарағанды қалалық «Қазыбек би»  мешітінің   имамы Ысқақ  Рахимбекұлының құран оқуымен бастау алып, Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының құттықтау сөзімен ашылды.

Облыс бас имамы арнайы қатысқан берекелі жиында қала имамы Саликов Мұхаммедқали қажы және облысқа қарасты басқа да қала, аудан имамдары және Саран қаласының зиялы қауым өкілдері құрметті қонақ болды.  

Мұсылман жұртшылығы үшін қасиетті болған мерекеге арнайы келген Саран қаласының мәслихат хатшысы Баймағамбетов Өміржан рухани отырыста құттықтау сөзін айтты. 

Облыс бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы келген жамағатты айтулы мерекемен құттықтап, Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат жолдап, мәуліт оқудың артықшылығы жайында  әсерлі уағыз-насихатымен бөлісті.

Мерекелі шарада демеушілердің қолауымен жамағатқа берекелі дастархан жайылды. Кеш барысында Пайғамбарымызға (с.а.с) салауат оқылып, сәлемдер айтылды. Сонымен қатар,жиналған жамағатқа Пайғамбарымыз (с.а.с) жайында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Дұрыс жауап берген жамағатқа мешіт атынан арнайы сыйлықтар табысталды. Мәуліт кешінен естелік ретінде барлық жамағатқа  тәспі таратылды.  

Саран қалалық мешітінің имамы Саликов Мұхаммедқали қажы Сапарғалиұлы берекелі кешке жиналған құрметті қонақтарды, мешіт жамағаты мен ақ жаулықты аналарды қасиетті мерекемен құттықтап, өзінің шексіз алғысын білдірді.

Мереке соңында Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің найб имамы Дархан Асылтайұлы құран оқып, Саран мешітінің ақсақалы  Сайлау қажы келген қонақтарға ақ батасын берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары