Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Нұра ауданының әкімімен жүздесті
16 қараша, 2022 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

   Нұра ауданына ресми сапармен барған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы аймақтың әкімі Бақытжан Мылтықбайұлымен жүздесті. Басқосуға облыстық «Әнет баба» мешітінің қызметкерлері мен Нұра аудандық мешітінің имамы Ерлан Серікұлы да қатысты.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізген облыс бас имамы ең алдымен жергілікті діни ахуал төңірегінде сөз қозғап, күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің түйінін тарқатты. 

Аймақ басшысы да өз кезегінде аудандағы діни тұрақтылық пен халықтың дұрыс наным-сенімде болуы ел ынтымағы мен ауызбіршілігінің негізгі өзегі екенін айтты. Осы ретте діни басқарма төңірегінде бірлесе қызмет атқарып, имамдарға қолдау білдіруге әзір екенін жеткізді. Алдағы уақытта ортақ жобалар аясында ел үшін етене еңбек етуге ниет білдірді.

Кездесу соңында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы әдеттегі игі үрдіс бойынша аудан басшысына «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын хадия етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары