Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Мәуліт кешінде баспаналы болды
16 қараша, 2022 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты «Нұра» аудандық мешітінің ұйымдастыруымен  өткен Мәуліт мерекесінде жергілікті дін қызметкеріне «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында 608-баспана табыс етілді.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған берекелі кешке Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы және «Нұра» ауданының имам, молдалары мен жамағаты қатысты. 

Игі шара барысында Мәуліт жыры оқылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылды. Қазақы жыр-термелер орындалып, әуезді күй күмбірлеген рухани жиын соңынан облыс бас имамы «Нұра» аудандық мешітінің қызметкеріне кезекті пәтер кілтін табыстады.

Желбегей шекпенді ақсақалдар мен кимешек киген ақ жаулықты әжелер шырайын ашқан айтулы шарада «Хазірет Әли» мешітінің имамы Әлімжан Қазақбайұлы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмір жолынан сыр шертіп, Мәуліт айының қадір-қасиеті туралы уағыз айтты.

Артынша «Нұра» аудандық мешітінің ұйымдастыруымен жамағатқа дастархан жайылып, ізгі тілектер негізінде бата жасалды. 

Осылайша Мәуліт мерекесінде екі дүние сардарының ізгі сүннеті болған қайырымдылық қасиеті тағы бір жаңғырды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары