Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Шәкірттерге демалыс ұйымдастырылды
16 қараша, 2022 жыл 239 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде діни сауат алып жүрген мектеп жасындағы балаларға ойын-сауық орталығында демалыс ұйымдастырылды.

«Қазыбек би» мешіті ұстаздарының жүргізуімен  мектеп жасындағы балаларға дәрістер тұрақты түрде өткізілуде. Балалар діни сауат ашу курсында араб әліпбиімен танысып, құран оқып үйренуде.  1-9 сынып аралығындағы 30 шақты қыз 30-ға тарта ұл бала қазіргі уақытта осы мешіттің шәкірті. Олар дүйсенбіден жұмаға дейін екі сағаттан дәріске қатысады.

«Балалар бір мезгіл көңіл көтерсін деп осы демалысты ұйымдастырдық. Бүгін  шәкірттерімізді осында бой жазуға алып келдік», - дейді қалалық мешіттің  имамы Ысқақ Рахимбекұлы. Балаларды қуантудан кәсіпкерлер де қалыс қалмай, қолдау көрсетті. Демалысқа келген балалар әртүрлі ойындар ойнап, түскі ас ішіп мәре-сәре болып қайтты. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары