Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Шахтинск қаласының әкімімен жүздесті
15 қараша, 2022 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бақылау-басқару жұмыстары бойынша Шахтинск қаласына барған сапарында шаһар басшысы Мұрат Есетұлымен жүздесіп сұхбат құрды.

Келелі кездесуге Қарағанды облыстық «Әнет баба» орталық мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлы және жергілікті әкімшіліктің қызметкерлері қатысты.

Басқосуда Шахтинск қаласының қазіргі діни қал-ахуалы сөз етілді. Шаһар басшысы жергілікті құлшылық үйлерінің кем-кетігі мен басқа да қажетті дүниелерді жүзеге асыруда қол ұшын беретінін жеткізіп, әкімшілік тарапынан қолдау білдіретінін айтты. Сондай-ақ, жуырда қызметке тағайындалған облыс бас имамының жұмыстарына сәттілік тіледі.

Кездесу соңында облыс бас имамы қала әкіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының басшылығымен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартты.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары