Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы имамдары Бұқар жырау кесенесін зиярат етті
30 қазан, 2022 жыл 992 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған бір топ имамдар «Дархан дала» жобасы аясында Бұқар жырау кесенесін зиярат етті. Далба тауын бауырлай Бұқар бабамыздың зиратына ат басын тіреген имамдар экспедициясы арнайы Құран бағыштап, дұға жасады. Артынша ауыл маңында орын тепкен Бұқар жырау мұражайына аттанды. 
Көнеден сыр шертетін көрнекті жәдігерлерді өз ішіне алған мұражай көрген адамды тұңғиық тарих қойнауына сапар шектіреді. Музейдің гид маманы қабырғаға ілінген бабамыздың ұрпаққа аманат еткен ұлағатты сөздерімен таныстырып, естеліктердің құпиясы мен құндылығын түсіндірді. 
Осы күнге дейін талай турист табан тіреген Бұқар жырау әдеби-өлкетану мұражайы 2001 жылы ашылған болатын. Жыл сайын еліміздің түпкір-түкпірінен зиярат етушілер легі осында ағылады.  
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде кешегі арда бабаларымыздың басын зиярат етіп, рухани құндылықтарымызды жаңғыртуды көздеген Қарағанды облысы имамдарының игі сапары әлі де өз жалғасын таппақ.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары