Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысының бас имамы ақсақалдарға құрмет көрсетті
15 қазан, 2022 жыл 882 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы  бойынша бас имамы Естай Әбдіғали 18 қазан – Рухани келісім күніне орай «Әнет баба» орталық мешітінде өткен «Қарттарым - асыл қазынам»  атты ақсақалдармен кездесуге қатысты.  
 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы  бойынша бас имамы Естай Әбдіғали 18 қазан – Рухани келісім күніне орай «Әнет баба» орталық мешітінде өткен «Қарттарым - асыл қазынам»  атты ақсақалдармен кездесуге қатысты.  
 
Аталмыш жиынға талай жылдан бері қала мешіттерінде молдалық қызмет атқарып келген ақсақалдар мен мешіт жамағатының ауызы дуалы қариялары қатысты.  
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бұрынғы бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы да берекелі жиынның төрінен табылды.  
 
Қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып құрмет көрсеткен облыс бас имамы жылдар бойы жауапты қызмет атқарған арадагер имамның ақ батасын алып, арнайы ат мінгізді. 
 
Сондай-ақ, кездесуге келген қарияларға алғыс хаттар пен ақшалай сыйақы үлестірген Естай Айтуғанұлы: «Ата дініміздің жолында жауапкершілікпен сауапты қызмет атқарып келе жатқан сіздерге көптен-көп алғыс айтамын. Алла Тағала отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық берсін. Арттарыңыздан ерген салиқалы ұрпақтарыңызбен мың жасауды бұйырсын. Мешітке жүрегі байланған адамның ақыретке өлшеусіз азық жинап баратыны секілді, осы ұлы нығметтен сіздердің де несібелеріңіз мол болуын нәсіп етсін!», деп жылы лебізін білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары