Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау орталық мешітіне бас имам тағайындалды
15 қазан, 2022 жыл 561 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешітіне бас имам тағайындалды.  
 
Қасиетті жұмада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы  бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы мешітке жиналған қалың жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқи отырып, Әлихан Бөкейхан мешітінің бас имамы  Бейбіт Жансаринді таныстырды.  
 
Сондай-ақ, осы кезге дейін Қарағанды қалалық «әл-Мәшани» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарып келген Бейбіт Бақытжанұлының діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, алдағы еңбек жолына сәттілік тіледі.  
 
Ал, мешіт ақсақалдары жаңа имамның қызметіне береке тілеп батасын берді.  
 
Жансарин Бейбіт Бақытжанұлы 
 
Білімі: 
1999-2008 жылдары Сәтпаев қаласында орналасқан С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясын тәмамдаған; 
2008-2011 жылдары Қарағанды қаласындағы МГТУ колледжінде білім алған; 
2011-2013 жылдары Қарағанды қаласының ОҚА университетін бітірген; 
2013-2017 жылдары Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетін тәмамдаған. 
 
Еңбек жолы: 
2017-2019 жылдары Қарағанды облысы «Конфессияаралық қатынастарды  зерттеу және талдау орталығының» оңалту бөлімінің инспекторы; 
2019 жылдан бастап Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде наиб имам қызметін атқарып келді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары