Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
30 қараша, -0001 жыл 1601 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қарағанды облысының бас имамы болып Абдығалиев Естай Айтуғанұлы тағайындалды. Қызметке жаңадан тағайындалған облыс имамын ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы ресми түрде таныстырды. Ал, Қарағанды облысының бас имамы ретінде он жылға жуық абыройлы қызмет атқарған Өмірзақ қажы Қазкенұлының иығына құрметпен  шапан жабылып, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Қарағанды облысында асыл дініміздің абыройын асқақтарып, жамағаттың бірлігі мен татулығын нығайту жолында аянбай қызмет еткендігі үшін Қарағанды облысының әкімдігі мен жамағатының шексіз алғысына бөленді.

Әбдіғали Естай Айтуғанұлы

2001-2012 жылдары  Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жұмыскер ауылындағы орта мектепті бітірген.

2012-жылы Астана қаласындағы "Нұр- Астана" медресесіне оқуға түсті

2012-2015 жылдары Астана қаласындағы «Нұр Астана» медресесінде діни сауат ашқан.

2016-2019 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша білім алған.

2015 жылдың маусым-желтоқсан айларында Қарағанды облысы, Саран қаласының мешітінде ұстаздық қызмет атқарған.

2016-2018 жылдары Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ростовка ауылындағы «Балкен ана» мешітінің бас имамы болып жұмыс атқарған.

2018-2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.

2020 жылдың ақпан-маусым айларында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.

2020-жылдан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіттің бас имамы қызметін атқарды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары