Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау мешіттерінің қызметкерлерімен ұжымдық жиналыс өтті
19 қыркүйек, 2022 жыл 729 Басып шығару нұсқасы

Теміртауда қала мешіттерінің қызметкерлеріне арналған ұжымдық жиналыс өтті. Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының басшылығымен өткен жиында күн тәртібінде тұрған мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, діни-ағарту мен уағыз-насихат жұмыстары, діни басқарма мен өкілдік тарапынан берілген негізгі тапсырмалар бойынша қырағылық таныту мәселесі және алда келе жатқан қасиетті мәуліт мерекесіне дайындық жұмыстары пысықталды.  
 
Сондай-ақ, қала бас имамы қызметкерлерді «ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі» құжатындағы талаптар мен ережелерді сақтауға, құрмет етуге шақыра отырып, діни қызметкерлер мен мешіт ұжымына арнайы тапсырмалар жүктеді.
 
Басқосу соңында ақсақалдар алқасының төрағасы Шынуар Серікбайұлы ұжымның ынтымағы мен ауызбіршілігін тілеп дұға жасады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары