Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыда ХІ Құран жарысының іріктеу сайысы өтті (фото)
29 тамыз, 2022 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ Республикалық Құран жарысының іріктеу сайысы мәресіне жетті.

Қарағанды облыстық  «Әнет баба» мешітінде өткен додалы жарыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша өтті. 

Әуезді Құран оқуымен басталған жарысты Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы жүргізіп отырды.

Облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  өз сөзінде Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталып өтті. Құран жарысына қатысушы қариларға сәттілік тілеп, көрермен жамағатқа алғыс білдірді.  

Іріктеу сайысына Қарағанды облысы  бойынша жиырмаға жуық үміткер қатысты.

Құран жарысының іріктеу сайысына қазылық еткендер –Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Юсуф Шұғайұлы, «О.Есенұлы» атындағы қайырымдылық орталығының ұстазы Асқаров Тоқтар және қари Даукен Қайырбай болды.

Үміткер қарилар күні бойы Құран оқып, көрермендердің құлақ құрышын қандырып, жандарын илаһи нұрға бөледі.

Сайыс қорытындысының нәтижесінде  толық Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алған Майрамбай Әбдімәлік Мұратұлына ХІ республикалық Құран жарысының жолдамасын табыстады.

Тартысты өткен бәсекеде 4 номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған қарилар қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Бұл жүлделерді ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы және қазылар алқасының мүшелері табыстады. Сондай-ақ, ХІ Республикалық Құран жарысына жолдама алған жеңімпаз қариларға сәттілік тіледі.

Жоғарыдағы 4 номинация бойынша жүлделі І орын иегерлері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ Республикалық Құран жарысына жолдама алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары