Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау орталық мешіті 100 баланы мектепке дайындады
22 тамыз, 2022 жыл 241 Басып шығару нұсқасы

Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешіті 100 баланы жаңа оқу жылына дайындады. Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйытқы болуымен жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 100 оқушыға білім алу үшін қажетті құралдар салынған мектеп сөмкелері үлестірілді.

Сондай-ақ, арнайы демеушілердің көмегімен тұрмыстық жағдайы төмен көпбалалы үш отбасыға толықтай мектеп формасы мен басқа да қажетті киім-кешектер сатып алып берілді.

«Жаңа оқу жылы да басталып келеді. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан үрдіске айналған игі шараға үн қосып, мұқтаж отбасыдан шыққан балаларға аз да болса қуаныш сыйлауды жөн көрдік. Өткен жылы мектеп табалдырығын аттап, білім жолына түскелі жатқан 50 оқушыны мектепке дайындаған болатынбыз. Биыл ол көрсеткіш 100-ден асып отыр. Жаңа оқу жылы құтты болсын!», деді Естай Айтуғанұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары