Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Балқаш қаласында Құрбан айт жоғары деңгейде өтті
10 шілде, 2022 жыл 528 Басып шығару нұсқасы

Балқаш қалалық   мешітінде  айт мерекесі айтарлықтай деңгейде аталып өтті.Айт намазына  ниет етіп, тәкбир ташрих айтып мешітке  жиналған  жамағаттың  қарқыны  көңіл қуантарлық болды. Міне осыдан- ақ  жыл өткен сайын асыл  дініміздің  деңгейінің қарқындап дамуының нәтижесін көруге болады. Бас имам  Төлтаев Ербол жамағатты айт мерекесімен құттықтап, құрбан айт туралы  уағыз айтып, құрбан шалудың  мәні мен маңызы  жайлы  жамағатқа түсіндіріп берді. Айт намазынан кейін  мешітке келуші жамағатқа айттық  дастархан  жайылып, ыстық бауырсақ пен палау  және  тәтті сулар таратылды. Сонымен қатар « Қошқар»  көтеруден  жиналған  жамағаттар арасында сайыс өтті.Сайыста  Данияр  есімді  азамат  ең  көп яғни 38 мәрте   көтеріп, көк  қошқарды  жеңіп алды.Сондай-ақ  айттың құрметіне арналған мерекелік  спорттық  іс-шара мұнымен ғана шектелмеді.  Спорттық шара әрі қарай қыза түсті.Балқаш қалалық мешітінің ұйымдастыруымен  ұлттық спорттың төмендегі түрлерінен  атап айтқанда ( қазақ күресі, кір көтеру, арқан тартыс)  жарыс өтті.

Сайыс өте тартысты өтті.Жарыстың нәтижесінде:

Қазақ күресінен : Бірнші орынға      (  Әсел пеш       )

                                  Екінші орынға  (  мантаварка    )

                                  Үшінші орынға     ( сокавыжималка   )

 

Кір көтеруден:       Бірнші орынға(шаң  сорғыш           )

                                 Екінші орынға        ( мантаварка          )

 

Арқан тартыстан:  Бірнші орынға    25 ( жиырма бес мың)

                                 Екінші орынға      15 ( он бес мың )

                                 Үшінші орынға     10 ( он мың)

 

 

Осылайша меркелік іс- шара , жиналған жамағат, ұлттық спорттың ойын түрінен  жүлдеге ие болған  жеңімпаздармешіт қызметкерлеріне дән ризашылықтарын білдіріп, мәре-сәре болып тарқасты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары