Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«СОҚЫР» ЗИРАТЫНА «ЖАЛАҢТӨС БАТЫР» АТАУЫ БЕРІЛДІ
07 шілде, 2022 жыл 762 Басып шығару нұсқасы

«Зират және зиярат мәдениеті» бағыты бойынша Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті қаладағы «Соқыр» зиратында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, «Жалаңтөс батыр» атауын берді.

Шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы бастаған қалалық мешіттің имамдары, дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты қатысты.

Шара барысында зират басында құрбан шалынып, Құран оқылды. Күрделі зират тазалығы жүргізілді. «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлының жетекшілігімен жүзеге асқан игі шара барысында жаназа, зират, зиярат жасаудың әдептері насихатталды. Бабалар салған сара жол жаңғырған рухани шара соңында марқұмдарға дұға бағышталды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары