Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау орталық мешітінде «Кемел кездесу» өтті
05 шілде, 2022 жыл 567 Басып шығару нұсқасы

Теміртау имамдары жамағатпен уағыз-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді. Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде «Кемел кездесу» айлық дастарханы жайылып, мешіт шәкірттері мен жамағатқа уағыз айтылды. 
 
Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы жиын шымылдығын ашып, Жақып Ақбай атындағы Теміртау қалалық мешітінің имамы Елдос Жұмаділдаға кезек берді. Белгілі ұстаз жамағатқа білім алып, ғылым игерудің маңыздылығы жайында игі насихаттар айтты. 
 
Ғибратты басқосуда жамағаттың басым көпшілігін мешіттің жас шәкірттері құрады. Олар Ислам ғалымдарының өмірінен келтірілген мысалдар арқылы мұсылман үшін ілім алудың қаншалықты маңызды екенін түсініп, мол рухани азық алып қайтты.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары