Тілдік нұсқа
Радио

Фото

АБАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
30 мамыр, 2022 жыл 402 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешітінің имамы ауысты.   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Абай аудандық мешітінің  имамы болып Асхат Қанайұлы тағайындалды. Жаңадан келген  имам бұған дейін Қарағанды облысы, Жаңаарқа аудандық «Халық» мешітінде имамдық қызметін атқарған болатын. Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жамағатқа жаңа   имамды таныстырып, ресми түрде қызметіне тағайындалғанын хабарлады. Абай ауданында осы уақытқа дейін қызмет етіп келген Аманбол қажы Рымқұлұлының иығына шапан жауып, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хаты табысталды.  

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары