Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау қаласында «Зейін» оқырмандар клубының филиалы ашылды
21 мамыр, 2022 жыл 247 Басып шығару нұсқасы

Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен құрылған «Зейін» оқырмандар клубының филиалы ашылды. 
 
Салтанатты ашылу рәсіміне Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы, «Зейін» оқырмандар клубының жетекшісі Махамбет Искандеров және клубтың басқа да белсенді мүшелері қатысты. 
 
Сондай-ақ, жұма намазына жиналған жамағатқа «Мүфтият» баспасынан жаңадан жарыққа шығып жатқан түрлі діни тақырыптағы рухани-танымдық кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар Алаш арысы Әлихан Бөкейхан туралы әдебиеттер де кітап сөрелерінің төрінен орын алды.  
 
Арнайы көрме ретінде ұйымдастырылған рухани іс-шарада келуші жамағат кітап нәрімен сусындап, арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. 
 
Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы кітап - мұсылманның көкжиегін кеңейтіп, ілімін арттыратын негізгі құрал екенін айта келе, мешіт тарапынан осындай игі бастамалар қолға алынып жатқанын жеткізді.  
 
Айта кетсек, бұдан былай Теміртау қаласында «Зейін» орталығының филиалы өз жұмысын бастайды. Жастар арасында білімді насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бойынша игі іс-шаралар қолға алынбақ.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары