Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Жастар арасында отаншылдық насихатталды⠀
13 мамыр, 2022 жыл 70 Басып шығару нұсқасы

Теміртау имамдары жамағатпен уағыз-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді. Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде «Кемел кездесу» айлық дастарханы жайылып, мешіт шәкірттері мен жамағатқа «Отаным – Қазақстан» тақырыбында уағыз айтылды. ⠀

Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қолға алынған игі бастама негізінде арнайы жайылған дастархан басында жиналған жамағатқа отанды сүю мен туған жерге деген сүйіспеншілік төңірегінде сөз қозғады. ⠀

Ғибратты басқосуда жамағаттың басым көпшілігін мешіттің жас шәкірттері құрады. Олар уағызда келтірілген хадистер мен мысалдардан адам үшін кіндік қаны тамған туған жердің қаншалықты қастерлі ұғым екендігіне бір сәт ой жүгіртіп, рухани мол азық алып қайтты.⠀

Айта кетсек, ҚМДБ тапсырмасына сәйкес Теміртау мешіттерінде де сауат ашу курстары, ақшам және құптаннан кейінгі уағыздар мен дәрістер тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары