Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚОРЫТЫНДЫ: «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ОРАЗА АЙТ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ТОЙЛАНДЫ
02 мамыр, 2022 жыл 19 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  Рамазан айынан кейін келетін Ораза айт намазы оқылды.  Қасиетті  мерекеде  облыстық мешітке халық көп жиналды. 30 күн оразаның сауабын арқалап, Алланың үйіне таң сәріден жиналған жамағат сәждеге бас тигізіп, аллаға құлшылық етті.

Намаз оқылмас бұрын Қарағанды  облысының   бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  қасиетті мерекенің ерекшелігі туралы уағыз айтты. Содан соң мешітке жиналған мұсылман қауым  тілін кәлимаға келтіріп, жүзін құбылаға бұрып айт намазына жығылды.

Рамазан айы басталғалы бері күн сайын тарауық намазын жүргізіп, қадір түнінде Хатым оқуға атсалысқан қари Сабырджан Мұхаммад Аюбжанұлына арнайы құрмет көрсетілді.

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Ораза Айт намазына жиналған  жамағат алдында қари Сабырджан Мұхаммад Аюбжанұлына және ұстаз ұстаз Рахимжан Акимбековке қазақы дәстүр бойынша шапан жауып, ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Мешіт жамағаты бауырымыздың еңбегі үшін рақмет айтып, ақ батасын берді.

Ораза Айт намазынан кейін жамағат арасында ұлттық ойындар басталды.  Атап айтқанда  кір тасын көтеру, арқан тартыс, қазақша күрес, асық ату  ойындары ойнатылды. Ойын соңында марапаттау қағаздары мен бірінші орын иеленген жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, қол ұшын созған қайырымды жандарды және ұйымдастырушыларды арнайы бас имамның алғыс хаттарымен марапаттады.

          Сонымен бірге мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде мұсылман жамағатына діни заттар, ұлттық тағамдар, қолөнер мен зергерлік бұйымдар ұсынылды.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары