Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы имамдарына жыл жоспары таныстырылды (фото)
23 ақпан, 2022 жыл 393 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облысқа қарасты барлық  қала, аудан имамдарының қатысуымен  кезекті жиын болып өтті.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облысқа қарасты барлық  қала, аудан имамдарының қатысуымен  кезекті жиын болып өтті.

Жиынға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Дін істері басқармасының басшысы Халел Дулат Қанышұлы, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Құсайын Ерлан Бейсембайұлы және облысқа қарасты аудан, қала имамдары қатысты.

Жиынның  шымылдығын ашқан облыс бас имамы Өмірзақ қажы  Қазкенұлы бүгінгі жиынның маңыздылығына тоқталып өтті. 

 Жиында  ҚМДБ бекіткен жылдық жоспарға сәйкес 2022 - жылы атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2022- жылды «Ислам –ынтымақ пен бірлік діні» жылы деп бекіткен болатын. Осыған орай облысқа қарасты аудан және  қала мешіттерінің имамдарына жылдық жоспарды баяндап, айтулы шаралардың жауапты мамандарына тапсырмалар  бекітілді.

Облысқа қарасты аудан, қала, ауылдардағы діни ахуал мен дін қызметкерлерінің тыныс-тіршілігі талқыланды.  Аймақ имамдары түрлі мәселелін ортаға салып, өзіндік пікірлерін білдірді.

Жиынға арнайы қатысқан дін істері басқармасының басшысы Халел Дулат Қанышұлы және Қарағанды облысының ішкі істер басқармасының басшысы Құсайын Ерлан Бейсембайұлы облыс имамдарының қызмет барысына баға беріп, бірнеше мәселелерді талқыға салды.

Сондай-ақ, "ihsan.media"-ның жұмысы талқыланып, бірнеше жоспарлар алға қойылды.

Сонымен қатар, имамдар форумында ел мұсылмандарына, дін қызметкерлеріне бағыт-бағдар болар қабылданған он құжат талқыланды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары