Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН» АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
21 желтоқсан, 2021 жыл 222 Басып шығару нұсқасы


 Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінде жылдың қорытынды жиналысы өтті.
 
Алғы сөзді алған қаланың бас имамы Естай Айтуғанұлы жыл бойы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп:
 
«Бұл іс-шараларды ұйымдастыруда сіздердің үлестеріңіз мол. Осы қарқынмен келер жылғы жоспарларымызды жүзеге асырсақ, біз алмайтын асу, бағындырмайтын белес болмайды», дей келе мешіт ұжымына рахметін айтты.
 
Осыдан кейін бірқатар қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттау рәсімі өтті. Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының алғыс хаттары наиб имамдар Мирзаев Әлімбек және Жұмабай Фазылға берілсе, төрт наиб имамға қала бас имамының алғыс хаты мен шипажайға жолдама табыс етілді. Сондай-ақ, мешіттің баспасөз хатшысы Шынуар Серікбайұлына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалі табысталды.
 
Бұдан бөлек, Естай Айтуғанұлы әйел жамағатының ұстаздарына, қайырымдылық бағытына жауапты қызметкерлерге, мешіт тазалықшыларына, асхана басқарушысына және қызметкерлеріне алғыс хат табыстап, арнайы сыйлық берді.

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары