Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды «МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ-ӘЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА» атты мәуліт кеші өтті
14 қараша, 2021 жыл 40 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен, облыстық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен  «Мәңгілік өнеге – Әз Мұхаммед Мұстафа» атты рухани мәуліт кеші өтті. 
Салтанатты шараға хақ пайғамбарды қадір тұтқан қалалықтар мол жиналды.
Мерекелік шараны салтанатты түрде ашып беру үшін Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы сөз алып, Пайғамбарымыздың Мәуліт айымен Қарағанды жұртшылығын құттықтап, Алла елшісінің дүниеге келіп, ғаламды нұрға бөлеуі – соңынан ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш екенін айтты. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырынан сыр шертіп, мұсылмандарды Оның көркем мінезінен үлгі алуға шақырды .   
Бұдан кейін мәуліт оқылып Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолдады. 
Мерекелі шара құптан намазы уақытында бастау алды. Рухани кештің құрметті қонағы ретінде Нұр – Сұлтан қаласынан арнайы келген құрметті қонақтар, Исламтанушы-ғалым Ризабек Батталұлы және «Ақмешіт» мешітінің имамы Дәурен Муслимов жиылған жамағатқа әсерлі уағыз – насихат айтты.
Берекелі кеш «Әнет баба» мешітінің асханасында жамағатқа арнайы жайылған дастархан басында жалғасып, Қасиетті Құран Кәрім оқылып, кештің құрметті қонағы Арман Ғабдуллин Пайғамбарымыздың құрметіне домбыра күмбірімен арнау әнін шырқады.
Мәуліт кешіне
қатысушы жамағатқа  Алла елшісіне (с. а. с  ) қатысты сұрақ – жауап койылып, сауалға жауап берген жамағатқа «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы сыйға берілді. 
Шарапатты мәуліт мерекесіне келген Қарағанды жұршылығы ерекше әсерге бөленіп
үлкен алғыстары мен ризашылықтарын білдірді. 
Баршамызға Алланың рахымы мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты нәсіп болсын! 

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары