Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«АДАЛ АС» ТАҚЫРЫБЫ АҚТОҒАЙДА НАСИХАТТАЛДЫ
15 қазан, 2021 жыл 54 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Жұма намазынан алдын Халал Даму ЖШС-нын Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы жамағатқаэ "Адал тамақтану" тақырыбында  насихат жүргізді.
Құран Кәрім мен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың сүннетінде нақты не жанама түрде ескерілмей, қалыс қалған мәселе жоқ. Солардың бірі мұсылман жұртшылығының ас-ауқат, тағамына қатысты. Алла Тағала жер бетіндегі барлық нәрсені адам игілігі үшін жаратқан. Аспан мен жердің арасындағы ұшқан құс, жүгірген аң, сан түрлі жеміс-жидек, көкөніс- барлығы да қазынасы кең Ұлы Жаратушы тарапынан пенделеріне берілген. Ағыл-тегіл, көл-көсір нығметтерді құлдарына берген Раббымыз солардың адалын пайдаланып, ал арамынан аулақ болуды Құранда қатаң ескерткен:
﴿يَا أَيُّهَا النَّاسُ كُلُوا مِمَّا فِي الأرْضِ حَلالا طَيِّبًا﴾
«Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!» («Бақара» сүресі, 2/168);
﴿وَكُلُوا مِمَّا رَزَقَكُمُ اللَّهُ حَلالا طَيِّبًا﴾
«Алланың өздеріңе халал әрі таза етіп берген ризықтарынан жеңдер!» («Мәида» сүресі, 5/88).
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүміндерге мейлінше харамнан сақтану керектігін өсиет еткен. Сондай-ақ, харам нәрселерді пайдалануда адамның ақиреті мен дүниесіне тиетін зияны мен қауіпі барын ескертіп, харамнан бойын сақтаған адамның екі дүниенің нығметіне кенелетінін сүйіншілеген.
Екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бұл жайлы: «Намыспен халал ризық іздегендер шәһидтердің дәрежесінде болады», – деген. Тағы бір өсиетінде: «Халал рызық іздеу – мұсылмандарға парыз», – дей келе: «Бір кісі қырық күн халалдан жесе, Алла Тағала ол кісінің жүрегін нұрландырады, жүрегіндегі хикметті тілінен ағызады», – деп адал астың рухани тұрғыдан тазаруға қаншалықты пайдалы екенін айтады.
Жоғарыда айтылған аяттар мен хадистер халал астың дініміздегі маңызды орнын айқындап тұр. Дініміздің белгілі ғалымдары: «Көбі харам нәрсенің азы да харам» деген. Сондықтан халал аса маңызды мәселе.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сондай бір заман болғанда, адам баласы тапқанының адал-арамдығына көңіл бөлмейтін болады», – деп ескерткен еді (Сахих Бұхари, әл-Буйуғ, 7).
Адал өнімдерді анықтайтын мекеменің инстаграм парақшасы сұрақтарыңызды жолдай аласыздар.
@halaldamu.kz
@halaldamu_qaragandy

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары