Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БАС ИМАМ БІЛІМГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
10 қазан, 2021 жыл 31 Басып шығару нұсқасы

Сәтпаев қаласына  арнайы іс-сапар барысында, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы колледж білімгерлерімен жүздесті.

Кездесуде Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің ұстазы Нұрбол Әділмұрат және Сатпаев қалалық "Балмағамбет Балқыбайұлы" мешітінің имамы Акпаров Қондыбай қатысты. Шара барысында  жастарға тәрбие-танымдық, өнегелі уағыз-насихат айтып, асыл дініміз Исламның құндылықтарын түсіндірді. Жат ағымдардың қоғамға келер зияны және олардан сақтану шаралары мен алдын алу жолдарын тілге тиек етті. Сонымен қатар суицид, нашақорлықтың зияны мен алдын алу шаралары жасалды. Білімгерлер өздерін мазалаған сұрақтарына мардымды жауаптарын алды. Шара соңында облыс бас имамы болашақ маман иелеріне Өзінің ыстық лебізі мен батасын берді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары