Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Бас имам “Жусан” операциясымен оралғандармен жүздесті
10 қазан, 2021 жыл 31 Басып шығару нұсқасы

Сәтпаев қаласына барған арнайы іс-сапар барысында, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы “Жусан” операциясымен елге оралған әйел азаматтармен кездесті.

Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы»  мешітінде өткен кездесуде облыс бас имамы жиналған әйелдер жамағатына қазақтың өткенін білу, тарихты түйсіну, жан-жақты ілімді болу тақырыбында уағыз айтты.

«Қазақ әлімсақтан мұсылман болған халық. Адам тал бесіктен жер бесікке дейін ізденуі керек” деген,-облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы кездесуге қатысушыларды діни, сонымен бірге дүниелік ілім алуға, жан-жақты ізденісте болуға үндеді. “Жусан” операциясымен оралғандар соқыр сенімнің артында кетіп, саяси ойынның құрбаны болғандарына және сол қасіретке балаларының куәгер болғанына өкінетіндерін айтты. Шара барысында арнайы дастархан жайылып, Құран оқылып, бата берілді.

Сұрақ-жауап форматында жалғасқан кездесу барысында өзекті тақырыптар көтерілді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары