Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау жұртшылығына Ихсан туралы кітап таныстырылды
29 қыркүйек, 2021 жыл 167 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.
 
Құптан намазынан кейін өткен іс-шара барысында Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің бас имамы Жанболат Жұматұрұлы құлшылық үйінің жамағатына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында тұщымды уағыз-насихат жүргізіп, жақында жарық көрген Ихсан туралы кітапты таныстырды.
 
Осы жиыннан кейін Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен жиналған қауымға ақ дастарқан жайылды.
 
Кеш соңында жамағат жергілікті имамдарға ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.
 
Құрметті жамағат! «Ихсан – рухани тәрбие негізі» танымдық еңбегін Теміртау қаласының мешіттерінде орналасқан кітап сөрелерінен таба аласыздар. Бұл кітаппен танысып, рухани азықпен сусындаңыздар!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары