Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ТЕМІРТАУ:«Ихсан – тәрбие негізі» кітабының тұсаукесері өтті
27 қыркүйек, 2021 жыл 385 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан»  мешітінің  ұйымдастыруымен жақында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Ихсан – Рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы  өтті. Игі іс-шараға Қарағанды қалалық «Әл-Машани» және «Балақажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл айтқалиқызы, «Әл-Машани» мешітінің ұстазы Гүлжазира Ақназарова, «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Карина Қайратқызы қатысы. Игі іс-шара қасиетті Құран оқумен басталып, қалалық мешіттің ұстаздары бірқатар уағыз-насихат айтты.  Сондай-ақ, кітаптың дер кезінде жазылған өте құнды еңбек екенін айтып, келген қонақтарға тәрбиелік маңызы зор кітаптың мазмұнын баяндады.

Жиынның құрметті қонақтары да құнды еңбектің жарық көруімен құттықтап, Діни басқарманың игі бастамаларына жылы лебіз білдірді.

Айта кетейік, «Ихсан – тәрбие негізі» кітабында «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген. Еске сала кетейік, ҚМДБ төрағасының бастамасымен жарық көрген кітап маусым айында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында зиялы қауым, қоғам қайраткерлері және жазушылардың қатысуымен тұсауы кесілген болатын.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары