Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Unitea» шай өндірісі халал сертификатына құжатын рәсімдеуде
11 тамыз, 2021 жыл 147 Басып шығару нұсқасы

Қазақ дастарханын шәйсіз елестету мүмкін емес. Еліміздің түкпір-түкпіріне өнімдері тарап, халықтың жоғары сұранысына ие болып отырған Қарағанды қаласындағы ИП "Хасенов Е.Ш" «Unitea»  шай өндірісі "QMDB Halal" сертификатына құжат рәсімдеуде.

Мекемеге арнайы тексеріс жұмыстарын «Халал» Даму ЖШС-ның технолог мамандары Сатаева Айзат және Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы жүргізді. Шәйдің сан алуан түрін өндіретін кәсіпорынның өнімдері арнайы зертханалық талдауға жіберіліп, қорытындысы шыққан соң, құжаттар  рәсімделіп, мекемеге сертификат табысталатын болады. Ендегі берекелі іске аяқ басқан мекемеге сәттілік тілейміз!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары