Тілдік нұсқа
Радио

Фото

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ
11 тамыз, 2021 жыл 377 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен бүгін «Жастық шақтағы кемелділік» атты онлайн форматта республикалық жастар семинар-тренингін өтуде. Діни басқармаға қарасты барлық өңір бас қосқан онлаин кездесуге «Жастар ісі» секторының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі де қатысты.

Семинардың  мақсаты – Жастардың ішкі потенциал мен шығармашылық қабілеттерін арттыру және өзін-өзі дамытуға алғышарттар беру.

Халықаралық жастар күніне орай өтетіп жатқан семинарда жастардың арасында танымал дін, спорт, психология және тұлғалық даму саласы бойынша кәсіби мамандар, атап айтқанда, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Рахымұлы, абайтанушы «Толық адам және 4 даму» жобасының авторы Ернат Мелсұлы, Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD докторант, исламтанушы Әбілқайыр Мәдиұлы, «Qsport» жобасының жетекшісі, спорт жаттықтырушы Жандос Абумуталифұлы мен психология ғылымдарының магистранты, жас психолог Ақторғын Даниярқызы дәріс оқуда.

 200-ге жуық адамның қатысуымен ZOOM платформасында өтіп жатқан семинар-тренингті МУФТИЯТ ҚМДБ Youtube каналында тікелей эфир арқылы тамашалай аласыздар.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары