Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАСАПХАНАЛАРДЫҢ ДІНИ РӘСІМГЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
15 шілде, 2021 жыл 45 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысып, биылғы Құрбан айттағы құрбан шалудың ерекшелігіне тоқталған болатын.                                                                                   Одан әрі Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесі биыл елімізде 20-22 шілде аралығында өтетінін хабарлай келе, құрбандық шалу рәсімі қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «қызыл» аймақта тек онлайн форматта, ал «сары», «жасыл» аймақтарда онлайн және офлайн форматта өткізілетінін алға тартты.

Осы орайда, әлем бойынша орын алған карантидік талаптарға байланысты биылғы  Құрбан айттың өз деңгейініде өткізу үшін Қарағанды облысында арнайы штаб құрылды. Құрылған штаб мүшелерінің ұйымдастыруымен  құрбандық  малы шалынатын арнайы қасапханалар белгіленіп, олардың дайындық жұмыстары пысықталды. Мереке күні қаладағы  үш орында құрбан шалу рәсімі өткізілетін болып жоспарланды. Атап айтқанда «Арай.кз» (Мекен-жайы: Гоголя 2/23), И.П «Абишев» (Мекен-жайы: Резника 18), және КХ «Хасенов» (Мекен-жайы: С.Сейфуллина 53). Бүгін осы аталмыш мекемелердің діни рәсімді жүзеге асыруға дайындығын пысықтау мақсатында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы және мешіт дін қызметкерлері, әкімшілік және тазалық пен қауіпсіздік саласының мамандары тексеріс жұмыстарын жүргізіп шықты. Қасапхана иелерімен келіссөздер жүргізіліп, құрбан шалудың негізгі шарттарымен таныстырылды.

Діни рәсім жергілікті әкімдік пен санитарлық-дәрігер мамандардың рұқсатымен, тәртіп сақшыларының қадағалауымен карантин талаптарын қатаң түрде сақтай отырып орындалатын болады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары