Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«РАЯН» ДӘМХАНАСЫ КЕЗЕКТЕН ТЫС ТЕКСЕРІСТЕН ӨТТІ
04 шілде, 2021 жыл 293 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС-ның мамандары Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтарына тұрақты жұмыс істеп, халық сұранысына ие болған «Раян» дәмханасына кезектен тыс тексеріс жұмыстарын жүргізіп қатты.
Елордадан арнайы келген технолог мамандар аталмыш дәмханаға арнайы барып, аспаздардың қызмет барысын қадағалап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп, халал стандартының барлық талаптарын сақтауға шақырды. Себебі адал ас мұсылман өмірінің және құлшылығының маңызы екенін түсіндіріп, тағамның тазалығы қоғамның түзелуіне ықпал ететінін атап өтті. Айта кетейік, «Раян» дәмханасы халал сертификатын бұған дейін де иеленіп, жаңартылған. Барлық стандарттық талаптарға сай қызмет етіп жатқан мекеме бұл жолы да мамандардың он бағасына ие болды.

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары