Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әл Машани» мешіті: жазғы сауат ашу курсы жұмысын бастады
04 маусым, 2021 жыл 473 Басып шығару нұсқасы

«Тәрбие басы–тал бесік»,- демекші, келер ұрпақтың тәрбиесіне бүлдіршін күнінен көңіл бөлінуі қажет. Жазғы сауат ашу курсы балаларға ойын ойнатып, қызықтыра отырып, тәрбие мен білімнен сусындататын орынның нағыз өзі. ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде оқушыларға арналған жазғы сауат ашу курстары ашылып, жемісті еңбек етіп келе жатыр.

Міне осындай сауат ашу курсының жұмысы Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде жүргізілуде. Аталмыш мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен  балаларға арналған имандылық лагері бүгін өз жұмысын бастап кетті. Шәкірттерге Құран әліппесі, Ислам әдептері, ғибадат, пайғамбарлар тарихынан сабақтар жүргізіліп, арасында интеллектуалды ойындар мен еңбекке баулу, қала мешіттеріне саяxат секілді ой-өрістерін сергітетін серуендер күнделікті жоспарға енген.

 

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  баспасөз қызметі.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары