Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ҚАЗЫБЕК БИ» МЕШІТІ НАУҚАС БАЛАЛАРДЫ ЗИЯРАТ ЕТТІ
01 маусым, 2021 жыл 480 Басып шығару нұсқасы

Ислам діні бойынша науқасты зиярат ету (яғни көңілін сұрау) – сүннет. Адамгершілік қағидасына сүйенсек те, бұл ұлты мен ұлысына қарамай мәдениеттілікке жатады. Бүгін, яғни халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің  имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен рухани-қайырымдылық шара жүзеге асты. Ізгі шара Қарағанды қаласындағы «Үміт» оңалту орталығында болып өтті. «Қазыбек би» мешіттен келген дін қызметкерлері балалардың жанына демеу болып, жүрекке жылу сыйлар ізгі тілектері мен баталарын берді.

Сондай-ақ, жас жеткіншектердің көңіліне медеу мен қуаныш сыйлау мақсатында әртүрлі сыйлықтар мен тәттілерін табыс етті. Кездесу соңында аталмыш мекемеде Құран бағышталып, дұға оқылды.

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіт тарапынан атқарылған қауырымдылық шарасына аурухана қызметкерлері мен ем алушы жеткіншектер үлкен алғыстарын жеткізді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары