Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ» ЖАУАПТЫ ӨКІЛІ СЕРТИФИКАТ ИЕЛЕНДІ.
29 мамыр, 2021 жыл 103 Басып шығару нұсқасы
«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫНЫҢ» ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ  БОЙЫНША ЖАУАПТЫ ӨКІЛІ ДЖАРИМБЕТОВ МҰХИТ МИХАИЛОВИЧ ҚМДБ-НЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫНЫҢ АРНАЙЫ  СЕРТИФИКАТЫН  ИЕЛЕНДІ.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында «Зекет және қайырымдылық» қорының аймақтағы өкілдерімен кездесіп арнайы жиын өткізген болатын. Әр облыс өкілдері жиналған басқосуға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Джаримбетов Мұхит Михаилович арнайы қатысып, үш күнге созылған білімін жетілдіру курсынан дәріс алып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сертификатын иеленді. Оқу семинарына қатысқан мамандарға сертификатты ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы  Оңғаров табыстады.   Рухани кездесу барысында Бас мүфти «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдеріне қасиетті Рамазан айы мен басқа да уақытта  атқарып жатқан қайырымдылық шаралары үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, алдағы уақытқа бірнеше тың жобалар талқыланып, жоспарлар жүйеленіп, бірнеше тапсармалар жүктелді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары