«Хазрет Али» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

Бүгін, қасиетті жұма күні Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде жаңа қызметтік тағайындау рәсімі болып өтті. Осы уақытқа дейін Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылында бес жылдан астам молдалық қызметін атқарып, аталмыш аймаққа еңбегі сіңген  Заметдинов Марғұлан Жұмабаевич Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бұйрығы бойынша Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітіне наиб имамы қызметіне кірісті.  Ресіми қызметкер тағайындалу рәсімінде наиб имамды Қарағанды обылстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Талғат Ильмеев жамағатқа  таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Бес жылдан астам уақыт бойы Бұқар жырау ауданына қарсты Қарақұдық ауылында молдалық қызметін атқарған Марғұлан Жұмабаевичтің біліктілігі мен білімі жайлы, қарым-қабілеті турасында лебіз білдіріп, жамағатқа қысқаша ақпарат беріп өтті.  

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін