«Жыржыс қажы» мешіті: он отбасына азық-түлік үлестірді

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Бұқар жырау ауданы «Жыржыс қажы»  мешітінің ұйымдастыруымен, он отбасына азық-түлік салынған сөмкелер таратылды.
Хадисте: «Кімде кім оразашыға қамқорлық етіп, ауыз аштырса, сол оразашы алғандай сауапты бұл да алады. Оның сауабынан еш нәрсе де кемімейді»,- делінген.
Келесі бір хадисте: «Әр күні таңертең екі періште түседі. Бірі: «Ей, Раббым! Садақа бергенге садақасына қайтарым ретінде жаңасын нәсіп ет», - десе, екіншісі: «Ей, Раббым! Сараңдық еткенге мал-дүниесін опат ет», - деп дұға етеді», - дейді.  «Қайырымдылық  жасасаң, қайырын өзің көресің»,- демекші «Жыржыс» қажы мешіті ұжымы осындай берекелі істі жүзеге асыруға ат салысқан мешіт жамағатына алғыстарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін