АК - 159/6 түзету мекемесінде «Рамазан-нұр шашқан ай» тақырыбында кезедсу өтті

Барша мұсылман қауымының асыға күтетін берекелі Рамазан айы күн санап жақындап келеді. Айтулы мейрам қарсаңына орай облысымыздың барлық мешіттерінде түрлі іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастырылуда. Осындай шараның бірін ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейханұлы» мешітінің имамы Естай Айтуғанұлы АК - 159/6 түзету мекемесінде өткізді. Кездесу барысында  жазасын өтеушілермен алда келе жатқан қасиетті ораза қарсаңында «Рамазан-нұр шашқан ай» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Берекелі айдың қасиеті мен маңызын түсіндіріп, бірнеше сұрақтарға жауап берді.

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін