Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті: Жерлеу рәсімдерін бірізділікке келтіру жобасы бойынша кездесу өтті

Қарағанды облысының Бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасы негізінде Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Хумар Коныскерей және Касимов Мирас ҚМДБ-ның филиалы Шахтинск қалалық "Нұр" мешітіне басқару, бақылау және жерлеу рәсімдерін бірізділікке келтіру жобасы бойынша іс-сапармен келіп, мешіт имамы Асет Наурызбайұлымен кездесу өткізді. Келелі кездесу барысында аталмыш мешіттің қазіргі тынысымен, кіріс-шығыс құжаттарымен танысты. Сонымен қатар, алда келе жатқан Рамазан айына байланысты дайындық жұмыстары пысықталып, көктем мезгіліне орай мешіт ауласын көгалдандыру жұмысы талқыланды. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін