ҚАРАҒАНДЫ: БІРНЕШЕ МЕШІТТЕ «ҚАМҚОР-ШАРАПАТ» БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚМДБ-ның басымдық беріп отырған бағыттарының бірі - жерлеу рәсімдері мен ас беру мәдениеті. Бүгінде осы бағыттағы іс-шараларды шариғат талаптарына сай, дәстүрмен сабақтастырып атқару баршамызға жүктелген мәні зор міндет. Осы тұрғыда "ҚАМҚОР-ШАРАПАТ" бөлімінің жұмысын түсіндіру және оны іске асыруды насихаттау барысында Қарағанды қалалық "Әл-Машани", "Балақажы", "Теміртау орталық" мешіттерінде осы салаға жауапты имам, молдалармен кездесу өткізілді. Мәйіт  сақтайтын орындардың талапқа сай болуы, қосымша қызметтері жайында тың бастамалар түсіндірілді. Сонымен қатар, мешіттердің алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындығы, мешіт ауласының тазалығы мен көгалдандыру, гүл отырғызу мәселелері пысықталды.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін