Әйел жамағатына «Ихсан» ілімі насихатталды

Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы жергілікті әйел жамағатымен кездесу өткізді.
 
Теміртау орталық мешітінде өткен рухани кездесу барысында Естай Айтуғанұлы апа-қарындастарымызға ҚМДБ-ның 2021 жылғы қызметінің басты жеті бағыты бойынша ақпарат бере отырып:
 
«ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамасына сәйкес, биыл «Ихсан» іліміне ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл рухани тәрбие жолы – ата-бабамыздың асыл мұрасы. Біз бұл іліммен тереңірек танысып, бағалай білуіміз қажет. Осыған орай, Теміртау қаласының имамдары тарапынан көптеген мақалалар жазылып, онлайн дәрістер өткізіліп жатыр», дей келе «Ихсан» ілімінің мән-маңызы туралы насихат айтты.
 
Кездесу соңында, әйел жамағаты рухани танымдық баяндама үшін бас имам Естай Айтуғанұлына алғыстарын айтты.

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін