Балқаш қалалық мешітінде футболдан жарыс өтті

«Шынықсаң шымыр боласың» деген қағиданы берік ұстанған Балқаш қалалық мешітінің имамдары мен жамағаттары  үнемі спортпен шұғылдануды әдетке айналдырған.

Жақында жамағат арасында кезекті мини футболдан жарыс өтті. Балқаш мешітінің найб имамы Айтқазин Рауанның   ұйымдастырумен өткен жарыста жамағат үш топ болып ойын көрсетті. Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен  ойыншылар    сый-сияпаттармен  марапатталды.

Әуелі бірнеше ғана жамағаттың бастамасы бүгінгі күні бірнеше топқа бөлініп ойнай бастауы болашақ жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра бастаса керек-ті.  Жастарды нашақорлықтан ,қатігездіктен ,қоғамды жайлаған небір сорақы індеттен сақтаудың ең оңтайлы тәсілі екенінің бірден бір дәлелі.

Сондықтан да Балқаш қалалық мешіті және мешіт жамағаттары мұндай іс-шараны  қалааралық деңгейге көтеру үшін  жоспар құруда.

Алдағы уақытта спорттың басқадай түрлерінен жарыс ұйымдастыру, осылайша жастарды салауатты өміір салтына тәрбиелеу жалғаса бермек.

Ынтымақ түбі –бірлікте деген осы.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін