Қарағанды: Имамдар мен ұстаздарға жаңа пәтуалар таныстырылды

ҚМДБ-нан берілген арнайы тапсырмасына орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Шариғат және пәтуа» бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бауыржан Мейірбекұлы облысқа қарасты қала, аудан мешіттерінің дін қызметкерлеріне ҚМДБ Ғұламалар кеңесі бекіткен жаңа пәтуалар мен нұсқауларын таныстырды.

Атап айтқанда:

1. «Баланы қамқорлыққа алудың  үкімі қандай?»;

2. «Екпе егуге бола ма?»;

3.«Төлем карталарын пайдалануға рұқсат па?» тақырыбындағы пәтуалар толығымен таныстырылды.

Имамдар мен ұстаздар жаңа пәтуалармен танысып, кейбір сұрақтар бойынша толық жауабын алды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін