«Карагандинский мясокомбинат №1» ЖШС Халал сертификатын иеленді

Қасапшылық қазақтың қанына сіңген берекелі іс. Бүгін Қарағанды шаһарындағы тағы бір қасапхана Халал сертификатына иеленді.

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлы "Карагандинский мясокомбинат №1" қасапханасына  «ҚМДБ халал» сертификатын арнайы табыстады. Соныман қатар, аталмыш мекеменің қасапшысы Салыков Даурен Жасұланұлына 2021-жылдың ақпан айының 01 күні ҚМДБ Халал снандарттау бөлімі мал бауыздау  және ет өңдеу саласындағы Халал стандарттары бойынша «Қасапшылық – сауапты  һәм жауапты іс»  атты оқу семинарын тәмамдағанын растайтын сертификатты табыстады.

Қасапхана толықтай тексерістен өткізіліп 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 1:2015 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша стандартталды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін