Теміртау орталық мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Қалың түскен қар уақытылы жиналмаса қиындық тудыратыны анық. Осыған байланысты Теміртау орталық мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

    Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға жергілікті дін қызметкерлері, «Sauap» еріктілер орталығының мүшелері және ғибадат үйінің жамағаттары қатысты.

    Тазалық жұмыстарының аясында жиналған қар камазға тиеліп, арнайы жерге апарып төгілді.

    Естай Айтуғанұлы осы іске белсенді атсалысып, мешіт ауласының реттелуіне үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдірді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін