«Ырыс алды – ынтымақ» атты Төлеутай ата мешітінің жамағаттары арасында кіші футбодан турнир ұйымдастырылды.

 

Жексенбілік кеште ынтымақ пен ауызбіршілікті насихаттау мақсатында  «Ырыс алды – ынтымақ» атты Төлеутай ата мешітінің жамағаттары арасында кіші футбодан турнир ұйымдастырылды. Аталмыш сайысқа Төлеутай ата мешітінің тұрақты жамағаттары қатысты.

Сайыс барысында жиналған қауым өзара төрт құрам жасақтады. Тартысты әрі қызықты жарыстың нәтижесінде "Арлан" командасы бірінші орынды қанжығаларына байласа, "Аңсар" құрамасы екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын "Ихсан" командасына бұйырды. Сайыс соңыңда Төлеутай ата мешітінің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы турнирде бас қосқан  барлық қатысушыларға алғысын білдірді. Ынтымақ, бірлік, ауызбіршілік жайлы насихат айтып, сайыс жеңімпаздарын марапаттады.

Назира Байназарова

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін