Қарағанды: «MAKI-MAKI» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

Қарағанды шаһары тағы бір халал сертификатын иеленген мекемемен толықты. Нақтырақ айтқанда қаламыздан ашылған «Maki-Maki» фаст-фуд өнімдеріне «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов толық тексеруден өткізіп, арнайы сертификат табыстады.  Мекеме «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылды. Сертификаттаудан өткізу барысында «Maki-maki» дәмханасында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. «Маки-Маки» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз!

  Айта кетейік, «Маки-Маки» фаст-фуд өнімдерінің Hұр-Сұлтан, Шымкент,  Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Тараз, Қаскелен, Талғар қалаларындағы нүктелері де арнайы ҚМДБ-ның  халал сертификатын иеленген болатын.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2021, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін